«Ақ бидай-2023» облыстық жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Аққайың ауданының Смирново ауылында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары  Марат Тасмағанбетовтың қатысуымен «Ақ бидай-2023» облыстық жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

img 9517

Іс-шараның мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Спартакиадаға облыстың 13 ауданы қатысуда.

Спартакиада 3 күнге созылады. Бағдарлама бойынша жеңіл атлетика, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, еркін күрес, ауыр атлетика, гір тасын көтеру, велоспорт, ату, шахмат, дойбы және үстел теннисінен жарыстар өтуде.

– Мұнда облысымыздың аудандарынан 1500-ге жуық қатысушы бақтарын сынауда. Бірінші күні Қызылжар, Аққайың, Есіл аудандары жарысқа түсті. Ауданның іс-шараға жоғары деңгейде дайындалғанын атап өткен жөн. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін, — дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Спартакиада қорытындысы бойынша барлық спорт түрінен жоғары ұпай жинаған командалар жеңіске жетеді. Үздіктер облыстық команда құрамына іріктеліп алынады. Жеңімпаздар кубок, төсбелгі, грамоталармен марапатталады. 1 орын иеленген команда – 300 мың, 2 орын – 200 мың, 3 орын – 100 мың теңге алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz