Телефонды қайтарған тәртіп сақшысына алғыстарын білдірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО Қызылжар ауданы ауылдарының бірінде учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Садуов 3 сағат ішінде баланың ұмытып кеткен телефонын іздеп тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Гаджет иесінің қызы ұялы телефонымен ойнап, оны үйінің алдында қалдырып кеткен. Ал ұялы телефонның жоғалып кеткенін кейін байқаған. Отбасы учаскелік  полиция инспекторына жүгінді. Мәселені тез шешуге көрші үйлердің біріндегі  бейне камера көмектесті. 3 сағат ішінде полиция қызметкері телефонды тауып алған адамды анықтады.

Телефонның иесі учаскелік инспекторға ризашылығын білдіріп, «Менің кәмелетке толмаған қызымның ұялы телефонын тауып беру туралы өтінішімізге жедел жауап берген учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Садуовқа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Көп рахмет. Бізде осындай қызметкерлер бар екеніне өте қуаныштымыз», деп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz