Сыннан кейін сұраныс ескерілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров №1 қалалық емханасының жұмысын сынға алғаннан кейін мекеме директоры Николай Новиков әлеуметтік желідегі парақшасында олқылықтарды жою үшін қандай шаралар қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Н.Новиков кезекті азайту үшін қабылдау бөліміндегі терезелердің саны ұлғайтылғанын жазды. Қан қабылдау бөлмесіндегі медицина қызметкерлерінің саны артқан. Пациенттерді кабинеттерге бөле отырып, кезекті реттеп отырады.

– Қазір мамандарға, атап айтқанда кардиологқа кезек ең ұзақ дегенде бір аптаға созылады. Damumed, тіркеу және call-орталығы арқылы алдын ала жазылу ашылды, енді науқас учаскелік дәрігердің жолдамасы болса, бір ай бұрын қабылдауға жазыла алады. Емханада қатты ауырсынып келген науқастарды дәрігер қабылдайтын жедел жәрдем бөлмесі ашылды. Дәліздердегі орындарды ұлғайту мәселесіне келсек, мемлекеттік сатып алу жүріп жатыр. Қорытындысы 18 шілдеде жарияланады, алдағы уақытта орын тапшылығы жойылады. Емханадағы барлық тақтайшалар жаңартылады, науқастарға ыңғайлы болу үшін Led-экранда дәрігерлердің жұмыс кестесі орналастырылады, — деді Николай Новиков.

Сондай-ақ кіреберіс қалыпқа келтіріліп, аумақ абаттандырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz