2-ЖЭО құбыр бөшкесінің үш бөлігін бетондау жұмыстары аяқталды. Әр учаскенің биіктігі екі метрдей болса, темірбетон біртіндеп тарылтатын сақиналармен тұрғызылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Құбыр негізінің диаметрі 20,52 метр, ал соңғы деңгейі — 9,2 метр. Құрылыс сырғымалы қалып әдісімен жүзеге асырылуда. Ол үшін мамандар бетон қабаты кепкен кезде домкраттарда қозғалатын қалқан платформасын орнатты. Қалыптың техникалық биіктігі шамамен бір метрді құрайды, бірақ бетон 20-30 сантиметрлік қабаттарға салынады. Үздіксіз процесс құрылымның биіктігіне күн сайын шашамен екі метр қосуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Жұмыс үстіміздегі жылдың қыркүйек айының аяғы – қазан айының басына дейін жалғасады. Суық түскен соң құрылыс алаңының айналасында арнайы жылытқыштың көмегімен қажетті температура сақталатын жылыжай орнатылады.