500-ден астам сауалға жауап берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері екі күндік «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Ондағы мақсат — жол қауіпсіздігі мәселелерін шешу. Желі қолданушыларының сұрақтарына полиция қызметтерінің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлері жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байланыс әлеуметтік желілердің тікелей эфирлерінде және халықпен жиындарда, аудандарда жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 520-дан астам адам тәртіп сақшыларына жүгінді.

Өзекті тақырыптардың қатарында автокөлікті заңдастыру мәселесі бар. Полицейлер бүгінде облыста шетелдік есепте тұрған 8717 автокөлік заңдастырылғанын, 17 шілдеден бастап уақытша тіркеуге құжаттарды қабылдау басталатынын еске салды. Күрделі жағдайлар жеке тәртіппен шешілді. Мысалы, акцияның бірінші күні әлеуметтік желіні пайдаланушы шетелдік тіркеуі бар автокөлік туралы сауал жолдады, оған Қазақстан соты шектеу қойған. Деректер базасын тексеру барысы қазіргі уақытта шектеулер алынып тасталғандығын көрсетті. Полицейлер көлік құралдарын тіркеудің барлық мәселелері бойынша СҚО тұрғындары арнайы ХҚКО-да немесе жедел желіде 8 (7152) 32-00-22 телефоны бойынша кеңес ала алуға болатынын еске салады.

Акцияның екінші күні Петропавл жол желісінің нақты учаскелері бойынша, мысалы, жаңа бағдаршамдар туралы көптеген сұрақтар келіп түсті. Тәртіп сақшылары әрбір жаңа объектінің жұмысы мұқият талданатынын, қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізілетінін, жергілікті атқарушы органдардың атына жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде ұсыныстар жіберілетінін түсіндірді.

«Бөлімше басшыларының адамдармен тікелей байланысы полиция мен қоғамның кері байланысын нығайтады. Бұл тәжірибе адамдардың заңды құқықтары мен мүдделеріне басымдық бере отырып, жұмыстың сервистік моделіне көшуіне ықпал етеді», — дейді СҚО ПД бастығының м.а. полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz