Ауаға 52 мың тонна зиянды зат тараған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір жылда ауаға 52,7 мың тонна зиянды зат тараған, бұл 2021 жылдың деңгейінен 14 пайызға дерлік төмен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ластаушы заттардың мөлшері жалпы алғанда 653,5 мың тоннаны құрады. Оның 98 пайызы тазарту мекемелеріне түскен.

Ластаушы заттардың құрылымында құрамында кремний диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, азот диоксиді, метан бар бейорганикалық шаң ең үлкен үлес салмағын алады.

«Қоршаған ортаға айтарлықтай зиян стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуынан туындайды. Өткен жылы ластаушы заттардың жалпы көлемінің 96 пайызы залалсыздандырды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 92 пайыз болды», — деді ведомствода.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz