Коммуналдық қызметтің жұмысына шағым көп

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен жедел кеңес өткізді. Облыс орталығында тұрғындар коммуналдық қызметтің жұмысына жиі шағымданады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әсіресе, су құбырлары, электр және жылу желілерін жөндегеннен кейін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы уақытында қалыпқа келтірілмейді. Өңір басшысы мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайтынын және оны 10 күнде қалыпқа келтіру қажет екенін баса айтты. Айдарбек Сапаров коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын өз учаскелерін жөндеуге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

— Сондай-ақ жол және коммуналдық қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру керек. Петропавлда қазір көшелерге асфальт төсеу науқаны жүріп жатыр, 30-дан астам учаскеде жұмыстар жоспарланған. Тиісінше, коммуналдық мекемелер асфальт төселмес бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Бірлескен іс-шаралар жоспары болуы тиіс.  Коммуналдық қызмет пен жол жөндеушілер бірлесіп, жүйелі жұмыс істеулері керек. Бұл мәселені бақылауда ұстауды Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевке тапсырдым, — дейді Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz