Петропавлда жазғы биатлоннан ел чемпионаты басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығында 15-19 шілде аралығында жазғы биатлоннан ҚР чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мұнда жеткіншектер 2 жас санаты бойынша бақ сынайды: 15-17 және 18-19 жас аралықтары. Додаға еліміздің 8 облысынан сайдың тасындай іріктелген 200-ден астам спортшы қатыспақ.

— Спортшылар жекелей жарыс, спринт эстафетасы және роллер тебу түрлерінен жарысатын болады. Асфальт тегіс болғандықтан роллер тебуден де жарыс өткізуді шештік. Жалпы, петропавлдық команда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Былтыр әр жарыс түрінен 4 жеңімпаз болды. Биыл да жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттемін, — дейді чемпионаттың бас төрешісі Денис Чуманов.

Ашылу салтанаты барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов биатлоншыларға сәттілік тіледі. Ол биатлонда физикалық дайындық пен қуат қажет ететінін атап өтті.

— Құрметті спортшылар, сіздерге тек сәттілік тілеймін. Араларыңыздан тек мықтысы жеңсін. Өңірімізден Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және басқа да көптеген құрметті спортшылар бар екенін ұмытпау қажет, — деді Сергей Мелехов.

Биатлоншылар жекелей жарыста сынға түсуде. Жігіттер 1200 шақырымға жүгірсе, қыздар 1000 метрді бағындырулары қажет. Спортшылардың әрқайсысы 1-ші орын алуға асық. Эльдар Брюшковтың спортпен айналысып жүргеніне — 9 жыл. Ол мәреге 28 минутта жетті.

— Бұл жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Чемпионат жыл сайын өткізіледі, жыл сайын нәтижемізді жақсартуға тырысып жүрміз. Қыркүйек айында Шортандыда Азия чемпионаты өтеді. Қазір соған да дайындалып жатырмыз, — дейді спортшы.

Жарыста мергендік те сыналады. Спортшылар түрегеп тұрып және жүгіріп келе жатып 50 метр жерден 5 нысананы пневматикалық винтовкамен атады. Эльдар Верховников мәреге 29 минут 30 секундта жетті.

— Қарсыластарым мықты. Мен спорт шеберлігіне үміткермін. Спортпен кәсіби түрде айналысып жүргеніме 7 жылдан асты. Биатлон — мергендік пен шапшаңдықты қажет ететін спорт түрі, — дейді ол.

Жеңімпаздар шілденің 19-ы күні марапатталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz