Жұмыс барысымен танысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«AMANAT» партиясының өкілдері және облыстық мәслихат депутаттары  Петропавлда жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қоғам белсенділері мердігерлерге бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Партиялықтар мен депутаттар Жұмысшы кентіндегі және 19-шы шағынаудандағы учаскелерге барды.

«Украинская көшесінің тұрғындарының наразылығы бар, онда тротуарлар уақтылы жөнделмейді, бұрылыс ыңғайсыз, сондықтан машиналар жиі қирайды. Мердігердің айтуынша, технологияға сәйкес алдымен негізгі төсемді салу керек, содан кейін ғана қиылыстарға, кіреберістерге кіріседі. З. Космодемьянская көшесінде тротуар салу жұмыстары басталды. Жақын маңдағы мектептің жанында автотұраққа толығымен асфальт төселеді. Жұмыс барысында кемшіліктер бар: бір жерде жиектас қисық, басқа жерде люк зақымдалған, бірақ мұның бәрі мердігердің есебінен қалпына келтіріледі. Побелянский көшесінде жиектастар орнатылады, жақын арада негізгі асфальт төселеді», — деп атап өтті партиялықтар.

Жуков көшесіне келетін болсақ, жол толығымен жөнделді, жол жиегіне  қиыршық тас төселіп, сараптама жүргізілді. Бұл учаскеде автобус аялдамалары мен тротуар жолдарын абаттандыру жұмыстарын аяқтау қалды. Қизатов көшесінде жұмысшылар жолдың негізгі төсемін төсеуді, жарамсыз болып қалған жиектастарды орнатуды аяқтайды. Осыдан кейін тротуар жөндеу жұмыстары басталады.

Мердігермен әңгіме барысында қоғам белсенділері мүгедектігі бар адамдардың бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы қозғалуына жағдайдың жоқтығына назар аударды. Жауапты тұлғаларға кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Жалпы, кестеден артта қалушылық жоқ, асфальт төсемінің қалыңдығы 5 және 6 см, бұл жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келеді. Нысандар қатаң қадағалануда: онда арнайы қоспаның көмегімен асфальттың сапасын өлшейтін және бағалайтын сарапшылар жұмыс істейді. Сәйкес келмеген жағдайда мердігер сапасыз жол төсемін ауыстыруға міндетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz