Тергеу әрекеттерінің жаңа форматы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

17 наурызда қылмыстық іс жүргізу саласындағы адам құқықтарына қатысты заңға қол қойылды. Өзгерістер тергеу бөлімшелеріне тергеу хаттамасының қысқаша нысанына көшуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұрын жазбаша хаттама жасау кезінде қате немесе бұрмалану ықтималдығы болатын. Енді қылмыстық процестің барлық қатысушыларының: жәбірленушілердің, күдіктілердің және куәгерлердің айғақтары толық бейнежазылған жағдайда — хаттамада іс үшін маңызы бар мәліметтер ғана қысқаша баяндалады. Кейіннен қылмыстық процесте бейнежазбалар пайда бола бастады. Егер қатысушылардың толықтырулары болса, олар қысқаша хаттамада да көрсетіледі.

«Бейнетүсірілім сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, айғақтарды бұрмалау және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану ықтималдығын айтарлықтай азайтады. Бұл адамдардың құқықтық қорғалуын нығайтады, тергеудің сапасы мен объективтілігін арттырады. Қысқаша хаттаманың арқасында тергеу әрекеттеріне кететін уақыт қысқарады. Бұл сонымен қатар полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, әділеттілікті тез қалпына келтіруге қызмет етеді», — дейді СҚО ПД тергеу басқармасы бастығының м.а. полиция подполковнигі Азат Құсайынов.

Қысқаша хаттама қылмыстық істердің барлық санаттарын тергеу кезінде қолданылады. 19 мамырдан бастап, заңнамалық өзгерістер күшіне енген кезде, СҚО тергеушілері мен анықтаушылары бейнежазбамен және қысқаша хаттамамен 50-ден астам тергеу әрекеттерін жүргізді. Осы жаңашылдықты қолдана отырып аяқталған 7 іс бойынша үкім шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz