Парижде өз коллекциясын ұсынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдық дизайнер Айжан Колчина сән астанасы Париждеөзінің ерекше коллекциясымен талайды тәнті етті. Сәнсүйер жерлесіміз шілденің 4-і мен 6-сы Италияда өткен апталықта өз коллекциясын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іскер ханым 10-нан астам кеш көйлегін 2 ай ішінде тігіп шыққан. Өз топтамасын “Феникс” деп атаған екен. Подиумдағы сән көрсету салтанаты ерекше мағынаға ие болыпты.

– Менің бұл коллекциямда тіршіліктің түрлі кезеңдері сипатталады. Оны “Феникс” деп атадым. Ең алдымен, ақ көйлек киген қыз шығады. Ақ көйлек – өмірдің басталуы, пәктіктің, адалдық және аңғалдықтың белгісі. Одан соң біртіндеп киімдердің түсі қанық бола бастайды. Соңыңа қарай қара түсті көйлек көрсетілді. Бұл – аздаған қиыншылықтың белгісі. Яғни, құстың жұмыртқаны жарып, өмірге келуі. Ең соңында бар жанарды жаулаған қызыл көйлек ортаға шықты. Қайсарлы, қуатқа, энергияға толы “Феникс” құсы дүниеге келді, — дейді Айжан Колчина.

Қызыл көйлектің үстіңгі жағы әсем тастармен сәнделген, ал белдемшесі ұзын және кең. Сән үлгілерін пішкеннен бұрын керекті материалды табудың өзі қиын. “Тіптен, бір моншақ үшін басқа қалаға баруға тура келеді”,- дейді Айжан Колчина. Негізінен, жабдықтардың көпшілігін Астана, Қарағанды және көршілес Ресейдің қалаларынан алдыртады екен.

– Мен көйлек тікпестен бұрын сол көйлекті өзімнің киіп тұрған сәтімді елестетемін. Көзімді жұмып қиял әлеміне батамын. Оны киген кезде еркіндік, жайлылықты сезінуіміз керек. Ең бастысы, сенімділік болуы қажет. Жалпы, мен 3 жасымнан бастап қолыма ине ұстадым. Қуыршақтарды киіндіріп, құлпыртқан ұнайтын еді және бала кезгі арманым – Парижге бару. Сүйікті кәсібімнің арқасында шетелге шықтым. Бір оқпен 2 қоян аттым деуге болады, — дейді киім дизайнері.

Жалпы, “Оrientel Fashion Show” сән апталығына әлемнің түкпір-түкпірінен келген 10-нан астам дизайнер қатысқан. Оның көпшілігі Шығыс елдеріндегі сән саласының мамандары екен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz