«Жалған терроризм» үшін жаза қатаң

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Терроризм актісі туралы жалған хабар Қазақстанда жасөспірімдер жиі жасайтын ауыр қылмыс. Себептер әр түрлі болуы мүмкін: қасақана жасалған бұзақылықтан бастап, оқушылардың сабақты бұзғысы келетініне дейін. Сонымен қатар, мұндай «бұзақылық» объектілердің қалыпты жұмысының бұзылуына және қаржылық шығындарға әкеледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сигналдарға жауап беруге айтарлықтай күштер мен құралдар қатысады. Адамдарды эвакуациялау ұйымдастырылады, кірме жолдар жабылады. Оқиға орнына өрт сөндіру және жедел медициналық көмек экипаждары, жарылғыш заттар мен иттері бар кинологтар келеді, полиция қоршауы қойылады. Мұндай хабарламаның әрбір жағдайы бойынша қаскүнемді анықтау бойынша жедел-тергеу шараларының барлық кешені қабылданады.

«Әзілкештердің»  ата-анасының мойнына қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының санкциясына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мұндай бассыздықтарға жол бермес үшін оқу жылының басынынан жауапкершілікті қатаңдату жоспарлануда. «Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына мұндай ерсі қылықтарға жол бермеуге үйретулері қажет», — деп еске салады СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz