Петропавл қаласында СҚО ТЖ департаменті бастығының кубогына арналған шағын футболдан турнирдің финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Турнирда Астана қаласының, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, және Солтүстік Қазақстан облыстарының төтенше жағдай департаменттерінің командалары бақтарын сынады.
Турнирдің соңғы күні А. Винокуров атындағы Спорт сарайының футбол алаңында тартысты ойын өтті. Бұл форматтағы турнир алғаш рет өткендіктен, әр команда жеңістен үмітті.
Нәтижесінде жеңімпаз кубогын Қарағанды облысының ТЖД командасы алды, екінші орынды Астана қаласының ТЖД өкілдері еншіледі. Ал үшінші орын Ақмола облысының командасына бұйырды. Команданың әр қатысушысы естелік медальмен марапатталды, сондай-ақ «Үздік ойыншы» (Асқар Көлбаев, Ақмола облысының ТЖД), «Үздік қақпашы» (Дархан Кашыков, Қарағанды облысының ТЖД) анықталды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде СҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин турнирдің жеңімпаздары мен құтқарушыларын өткен спорт мерекесімен шын жүректен құттықтап, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын дәріптеудің және шағын футболды насихаттаудың тамаша үлгісі ретінде сипаттады.