Дайындық сылбыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлерді қысқа әзірлеу әзірге баяу жүргізіліп жатыр. Облыс орталығындағы осындай әр бесінші баспана ғана осы уақытқа тиісті құжаттарын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында 1135 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың барлығы тамыз айының соңына дейін дайындық құжатын алулары тиіс.

–Бірінші кезекте біз тұрғындарды ескертеміз. Тұрғындарға пәтерлеріндегі батареяларын ауыстырып, жөндеуге бір ай уақыт бердік. Қазір жылыту жүйесін жуып-шайып тазартып қойдық. Биыл біздің мүлік иелері бірлестігіне қарайтын үш үйде бойлерді ауыстырдық. Олар апаттық жағдайда тұрған еді. Яғни, қысқа дайынбыз, – дейді «Интернационал, 33» мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Гүлнара Кәрібаева.

Петропавл қаласы бойынша қазір 200 көпқабатты үй, яғни 18 пайызы ғана жылыту жүйесін жуып-тазалап қойды. Алда әлі 1,5 ай бар.

–Қазір негізінен жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сол себепті дайындық кешіктіріліп жатыр. Жылыту жүйесін сапалы түрде жуып, қысыммен тексерудің маңызы зор. Қыста мәселе туындамайды. Әдетте жүйеде үш атмосфера болады, тексеру барысында оны екі есе арттырады. 30 минут ішінде қысым қалыпты болып, өзгермесе жүйенің тексерістен өткені. Кейін бірден қысқа дайындық құжаты беріледі. Тамыз айының соңына дейін бұл жұмысты аяқтау қажет, – дейді Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Ерболат Мұхамеджанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz