РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының тиімді іс-тәжірибесін тарату бойынша республикалық семинар өтті. Оған Абай және Қостанай облыстарынан 20-ға жуық маман мен онлайн режимде білім саласының жүздеген қызметкері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі маусым айында барлық облыстардың білім басқармалары қызметіне кешенді мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша біздің өңірдің әдістемелік орталығы үздік атанған. Сол себепті Петропавлда білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының тиімді жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында республикалық семинар өтті. Кездесу барысында білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар анықталып, өзара кері байланыс орнатылды.

– Бүгінгі іс-шараның себебі осы тәжірбиемен, нәтижемен бөлісу. Бұл семинар екі форматта өтіп жатыр. Офлайн форматта залда педагогтар, директорлар, білім басқармаларының мамандары, әдістемелік орталықтардан әріптестеріміз отыр, – дейді облыстық білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Бақыт Ғабдуллина.

Айдар Әбдухамитов семинарға Абай облысынан келген. Оның айтуынша, ондағы жергілікті білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталығының ашылғанына көп болмаған. Сондықтан бұл семинар – қызметкерлер арасында тәжірибе алмасудағы таптырмас мүмкіндік.

–Біздегі орталықтың ашылғанына 7 ай ғана болды. Сондықтан осындай озық тәжірбие тарататын ақпараттық технологиялар орталығының жұмысын көру – бізге кәсіби тұрғыдан зор көмек, –дейді Абай облысы білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі жөніндегі басшысы Айдар Әбдухамитов.

Білім саласының қызметкерлері конференциядан кейін «Мирас» бөбекжай-балабақшасына барды. Бұл жерде мектепке дейінгі білім мекемесі өз іс-тәжірбиесімен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz