Балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады. Себебі қазір мұндай жүйе әр қалада жеке істеп жатқандықтан, бармақ басты көз қысты әрекеттерге жол беріледі екен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің директоры айтты. Оның сөзінше, қазір жауапты ведомство цифрлық даму министрлігімен бірігіп, база дайындамақшы. Сонымен қатар, ол жүйеде әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары да көрініп тұрады. Яғни, оларға автоматты түрде тегін тамақ беру мәселесі сол арқылы шешіледі.

— Бұл қызметің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін және сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуды қамтамасыз етеді. Отбасылық жағдайға байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа тәсілі пысықталып жатыр, – деді ҚР Оқу ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz