ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері 3 күнде түнде көше кезген жасөспірімдерге қатысты 113 фактіні анықтады, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазғы демалыс кезінде СҚО полицейлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Тұрақты негізде көшелер мен ойын-сауық мекемелерінде түнгі рейдтер өткізіледі. Жасөспірімдерді жазғы жұмысқа орналастырудың ықтимал орындарында тәртіп сақшылары еңбек заңнамасының сақталуын тексереді.

Бұл жұмыс 17-19 шілде аралығында өткізілген “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы аясында күшейтілді. 3 күн ішінде 7 кәмелетке толмаған бала және 18 қолайсыз отбасы анықталып, есепке қойылды.

Ата-аналары кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді елемеген, оларға теріс әсер еткен отбасылар ерекше бақылауға алынды. Олардың барлығы ЖПІШ барысында қайтара тексерілді.

Петропавлдағы Ойқала шағынауданындағы мекенжайлардың бірінде ювеналды полицейлер үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананы тексерді. Бұрын әйел бірге тұратын адаммен алкогольді асыра пайдаланған кезде жауапқа тартылған. Онымен профилактикалық жұмыс жүргізілді, қазір ол ішімдік ішпейді, тұрақты жұмысқа орналасты, үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

– Ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларына барынша көңіл бөлуді, олардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысуды сұраймыз. Бұл әсіресе жаз айларында, көбінесе жасөспірімдердің бос уақыты көп кезде өте маңызды. ЖПІШ барысында анықталған ең көп таралған құқық бұзушылық — жасөспірімдердің түнгі уақытта серуендеуі. Осындай 113 факт тіркелді. Балалардың қараусыз қалуына жол бермеңіздер – бұл кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасауға ықпал етеді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

ЖПІШ аясында облыстың ювеналды полицейлері барлығы 152 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz