Солтүстікқазақстандық «Мәңгілік» би ансамблі Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ялово қаласында (Түркия) өткен XXVI Халықаралық фольклор фестивалінің дирекциясы Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Мәңгілік» би ансамблін кәсіби ұжым номинациясы бойынша Гран-примен марапаттады.
Қазақ бишілерінің жоғары шеберлігін атап өтіп, облыс басшылығына ризашылығын жеткізді. Дирекция алдағы уақытта да ынтымақтастық қарым-қатынас жасалатынына сенім білдірді.