Өнерлі балғындар марапатсыз қалмады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өзбекстан астанасы – Ташкентте «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» деген атаумен  халықаралық өнер байқауы өтті. Оған әлемнің бірнеше мемлекетінен 6-16 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Талапты оқушылар  би билеп, күй тартудан және ән айтудан сынға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өңіріміздің  намысын Жамбыл ауданындағы «Өнер» мектебі  эстрадалық вокал бөлімінің  оқушылары қорғады. «Жас қырандар» тобындағы Серік Саят, Нәби Әлемгер, Әскер Ералхан,  Арсен Арындосұлы  «Жас қанат» әнін орындап, жүлделі  1 орынды қанжығаларына байлады.  «Кішкентай жұлдыздар»  триосы  ана тақырыбында шырқаған әндері үшін Грант-при жүлдесін жеңіп алды. Топтың белді мүшесі Томирис Шүмекова  орындаған «Оқуда озат боламын» әнін қазылар алқасының мүшелері жылы қабылдады.

«Өнер» мектебінде білім алып жатқан өрендердің талаптары таудай. Олар Ташкент сапарынан ерекше шабытпен оралды. Өзбекстан жұртшылығына біздің балалардың қолөнер бұйымдары ерекше ұнады.  Алыс жолға сәбилерімен бірге аттанған ата-аналарға ерекше алғысымды айтқым келеді», — дейді білім ордасының маманы   Күлбаршын Разиева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz