Полицейлер жол апатынан зақымдалған Toyota көлігін СҚО-ның барлық жолдарында эвакуатормен алып жүрмек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полицейлер жол апатынан зақымдалған Toyota көлігін СҚО-ның барлық жолдарында эвакуатормен алып жүреді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үйілген металл сынықтарына айналған Toyota автокөлігі Солтүстік Қазақстан облысының автотрассаларына жолға шықты. Ол патрульдік көліктің сүйемелдеуімен эвакуаторда “саяхат жасайды”. Борттарда екі тілде “Жол қателерді кешірмейді” деген жазуы бар баннерлер орнатылған.

3 күн ішінде полицейлер оны жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін елемеу қандай салдарға әкелетінін ескерту үшін облыстың барлық жолдарымен алып жүретін болады.

6 айда Солтүстік Қазақстанда 127 ЖКО тіркелді. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 28 апат болып, 11 адам қаза тауып, 64 адам жарақат алды. Негізгі себептердің қатарында полицейлер жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзуды, қауіпсіз қашықтықты сақтамауды, қарсы қозғалыс жолағына шығуды атайды.

– Жазғы кезеңде, тас жолдардағы автотасымалдау ерекше үлкен болған кезде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. 1 шілдеден бастап жаздың соңына дейін “Автомобиль” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және “Рөлде ұйықтау” республикалық акциясы өткізілуде. Сонымен қатар 24 шілдеден бастап айдың соңына дейін “Қауіпсіз жол” облыстық ЖПІШ жүргізіледі. Барлығының түпкі мақсаты бір: қозғалысқа қатысушылардың тәртібін арттыру, апаттылық пен ЖКО зардаптарының ауырлығын төмендету, – деді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Валихан Оразалин.

Полицейлер жолдағы қауіпсіздік қозғалыстың әрбір қатысушысының тікелей жауапкершілігінен басталатынын еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz