Солтүстік Қазақстан полицейлері Оралдан чемпион болып оралды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан полицейлері Оралдан чемпион болып оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20-22 шілде аралығында Орал қаласында “Динамо” ДШСҚ мен ҚР ІІМ Х ведомствоаралық спартакиада бағдарламасында Президенттік көпсайыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Онда елдің барлық аймақтарының полицейлері қатысты.

Барлығы 29 команда өнер көрсетті, олар погон таққан 150-ден астам спортшыны біріктірді. Олар Макаров тапаншасынан ату, жүзу, граната лақтыру, сондай-ақ қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру жарыстарында бақ сынасты.

СҚО полиция департаментінің қызметкерлері табанды күресте жалпы командалық 1-орынға ие болды.

Солтүстік өңірдің командасының құрамында СҚО ПД аппаратының қызметкерлері Олег Гурский, Дмитрий Шварц, Александр Хакимов және Элдос Сыздықов болды. Олардың ішінде Дмитрий мен Александр жеке есепте бірінші, Олег екінші орынға ие болды. Бұл – солтүстікқазақстандықтардың жалғыз жетістігі емес. Жарыс нәтижелері ҚР Құқық қорғау органдары, күш және арнайы құрылымдар қызметкерлерінің ведомствоаралық спартакиадасы есебіне алынды. Онда Дмитрий Шварц та бірінші орынды иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz