Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Синоптиктер 27-29 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде республиканың солтүстік-батысында өте қатты ыстық, яғни +40+43 градус аптап болады.

«Алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Сонымен қатар бұрқасын соғады деп болжанды», — делінген хабарламада.

Биылғы жаз Қазақстанның көптеген өңірлеріне көптен бері болмаған аптап ыстықты әкелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz