Петропавлда патрульдік полиция көлігі жаяу жүргіншілерге арналған көшеде скутердің соңына түскен. Тәртіп сақшыларының әрекетіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде қолданушылар Қазақстан Конституциясы көшесінің бойымен дыбыс және жарық сигналдарымен қатты жылдамдықпен келе жатқан полиция көлігінің видеосын жариялады. Баспасөз қызметі скутердің жүргізушісі мас болғанын айтты.
«Патрульдік полиция батальонына Жамбыл көшесімен мас күйінде скутер басқарған адам туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 23:35 шамасында батальон көлік құралын байқады. Жүргізуші скутерді шамдары мен жеке қорғаныс құралдары қосылмаған күйінде басқарып, жолаушыны тасымалдаған. Ер адам тоқтау туралы заңды талаптарға назар аудармай, жылдамдықты асыра отырып, Қазақстан Конституциясының жаяу жүргіншілер көшесіне қасақана шығып кеткен. Өтіп бара жатқан адамдардың, соның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және скутер жүргізушісін ұстау мақсатында автопатруль қызметкерлері құқық бұзушының соңынан қозғалуға мәжбүр болды, азаматтарды дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы ескертті», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Скутер жүргізушісі қолға түспеді. Оны іздеу жұмыстары жалғасуда.