Айдарбек Сапаров: Аудан басшылығы мен директор қайда қарады?

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековке Тайынша ауданындағы Петровка ауылына барып, жергілікті мектептің жай-күйі туралы мәселені сол жерде шешуді тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әкімдік отырысында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды. Ең алдымен жөндеу жұмыстарының қарқыны жайлы айтылды. Облыс әкімі Петровка ауылының тұрғындары көтерген мәселені де ұмыт қалдырған жоқ. Мұндағы мектептің жағдайы мүшкіл.

Әкімдік отырысында білім ошағында үстіміздегі жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланғаны белгілі болды. Оның ішінде линолеумды ауыстыру, жуынатын бөлмелерді жөндеу және еденді ішінара ауыстыру.

«Мектептің жағдайы өте нашар. Осы уақыт ішінде аудан басшылығы мен директор қайда қарады? Сіз ағымдағы жөндеуді осы жылға жоспарлағаныңызды айтасыз. Неліктен адамдар бұл туралы білмейді? Жұмыс істеу керек, қандай жұмыстар жоспарланғанын, конкурстық процедуралар туралы түсіндіріп айту керек. Мектепке жеке барып түсіндіріңіз», – деді А.Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz