Солтүстік Қазақстан облысында спорт саласына биыл 11 млрд жуық теңге бөлінген. Осылайша соңғы 5 жылда қаржыландыру шамамен екі есе артты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, өңірде спортпен жүйелі түрде тұрғындардың 40,2% немесе 215 мың айналысады. Бұқаралық спорт қолжетімді болуы үшін облыста спорт нысандарының саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Мәселен биыл аудандарда 36 шағын футбол және спорт алаңдарын салу жоспарланса, соның 20-сы қолданысқа берілді.
Бұдан басқа Айыртау, Есіл, Жамбыл және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.
Биыл спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 761,7 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа спорт құралдарын сатып алу және ағымдағы, күрделі жөндеу жоспарланған.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тимирязев ауданының орталығында стадион күрделі жөнделіп жатыр.
«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілуде.
Жалпы облыста 2 951 спорт нысаны бар, оның 27-сі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 25 аула клубы, 9 спорт клубы, 11 балалар мен жасөсіпірдер дене шынықтыру клубы жұмыс істейді.
5 — 17 жас аралығындағы 99 мың баланың өңірде 46,4% тегін спорт секцияларымен қамтылған. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша спорттың 15 түрімен 2,5 мыңнан астам бала тегін айналысып жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 423,4 млн теңге бөлінді», — дейді басқарма басшысы Сергей Мелехов.