Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскери борышын өтемеген қазақстандықтар әскери билет алу қажеттілігінен босатылатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Әскери борышын өтемеген азаматтар әскери билет алу қажеттілігінен босатылады. Оларды өндіру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Әскери борышын өтемегендер келіп, мына әскери билеттерді алулары керек. Оның үстіне бұл әскери билеттер жоғалса, айыппұл төлеуге міндетті. Біз мұны жоққа шығарамыз», — деді Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Яғни, әскери борышын өтеуге міндетті адамның мәртебесі оның жеке кабинетінде көрсетіледі. Қорғаныс министрінің орынбасары бұл цифрландырудың арқасында мүмкін болғанын айтты.
Бастаманың техникалық жүзеге асырылғаны, оны заңға сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.