SMM — кәсіпті дамытудың тиімді құралы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығында «SMM — кәсіпті дамытудың тиімді құралы» атты тегін курс өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оған 30-ға жуық қыз-келіншек қатысып, әлеуметтік желідегі парақшаларды дұрыс жүргізу, аудиториямен жұмыс істеу, ғаламтордың артықшылықтарын пайдалана білу секілді көптеген ақпаратпен танысады. Оны Петропавл тұрғыны, осы салада бірнеше жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Альбина Ғалымова жүргізіп жатыр.

— Көптеген адамдар ғаламтордың әлеуетін дұрыс бағаламайды. SMM маман болу үшін әдемі суреттер мен stories салу жеткілікті деп ойлайды. Бірақ, олай емес. Стратегиялық көзқарас, дұрыс аналитика болу керек. Әлеуметтік желілердің алгоритмі ешқашан бір орында тұрмайды. Әрдайым өзгеріп, жаңарып отырады. Сондықтан, барлығына бейімделе білу керек. Біз курста парақшаны дұрыс жүргізу, аудиториямен жұмыс істеу, ғаламтордың артықшылықтарын пайдалана білу секілді көптеген ақпарат береміз. Іс-тәжірибе жүзінде де көрсетеміз, — дейді курс оқытушысы Альбина Ғалымова.

Біздің қоғамда «әлеуметтік желі — жастар отыратын жер немесе уақытты босқа құрту» деген түсінік қалыптасып қалғаны жасырын емес. Бірақ, білімде шекара да, шектеу де жоқ. Дамимын деген адам үшін жас айырмашылығы маңызды емес. Курсқа қатысушылардың бірі Роза Шәкенова заман көшіне ілесе беру керек дейді.

—  Халықтың көпшілігі әлеуметтік желіге бет бұра бастады. Жаңалықтарды Facebook, Instagram-нан оқиды деген секілді. Мен бұған дейін облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің парақшасын жүргізгенмін. Қазір өз парақшамды жүргіземін. Бірақ, әрине кәсіби деңгейде деп айта алмаймын. Барлығы орнында тұрмайды ғой. Заман көшіне ілесіп, талапқа сай болу керек. Аккаунттарымды танымал етіп, кәсіби түрде жүргізу үшін осы курсқа қатысуды жөн көрдім, — дейді Роза Шәкенова.

Оқутудың ұзақтығы екі аптаға созылады. Жұмыс күндері 4 сағаттан болады.

Тегін оқытуға 30-ға жуық қыз-келіншек қатысып жатыр. Сәбина Ырсалиева — декреттік демалыстағы ана. Күнұзаққа үйде отырмай, жаңа білім меңгеруді жөн көрген. Ол курсқа бөпесімен бірге келіпті.

— Бір күні кешкі уақытта маған күйеуім осы курсқа қатысып көруді ұсынды. Мен, әрине, бұндай курс бар екенін естігенде таңырқап қалдым. Бірден келістім. Себебі, бұл — мен үшін зор мүмкіндік. Байқап отырғандарыңыздай, мен декреттік демалыстағы анамын. Әр уақытымды пайдалы өткізгім келеді. Болашақта өз бизнесімді бастау жоспарда бар, — дейді Сәбина Ырсалиева.

Жалпы, «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығының мамандары «Мен кәсіпкермін» жобасы аясында қазан айының соңына дейін 6 бағыт бойынша курс өткізуді жоспарлап отыр. Олар: тігіншілік, smm, менеджер маркетплэйс, барбер, визажист және кондитер салалары. Бүгінде тігін тігу курсын 20 нәзікжанды аяқтап, сертификаттарын қолдарына алыпты.

—  Бұл оқытылып жатқан бағытардың барлығы дерлік қызықты, сұранысқа ие салалар. Жақын арада менеджер маркетплэйс бойынша оқыту басталады. Қатысқысы келетіндердің қатары көп. Қазір өзінде топқа 32 адам жиналып қалды. Оқытатын тренер арнайы Алматы қаласынан келеді. Басқа бағыттарға қатысатындардың саны да толығып жатыр, — дейді СҚО әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Ирина Васильева.

Курс соңында қатысушылар алған білімдерін қорытындылайтын тест тапсырады. Мамандар барлық 6 сала бойынша 130-дан астам әйелді оқытуды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz