Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетіне Парижде 2024 жылы өтетін ХХХІІІ Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
206 Ұлттық Олимпиада комитетінің 203-і ХОК-тан шақырту алды. Ресми құжат 2022 жылдан бері тану уақытша тоқтатылған Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ Гватемаланың Олимпиада комитеттеріне жіберілмеді.
26 шілдеде осы оқиғаның құрметіне Парижде ХОК президенті Томас Бах пен Париж-2024 жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Тони Эстангуэнің қатысуымен салтанатты шара өтті.
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде 2024 жылдың 26 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында өтеді.