СҚО-да тұрғындар көбіне биліктегілердің шешіміне және әрекет етпеуіне шағымданады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында жарты жылда 30 мыңнан астам өтініш түссе, басым бөлігі жергілікті атқарушы органдарға бағытталған. Ал ішіндегі шағымның үлесі — 3,4 %, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде құқықтық статистика органдарының жартыжылдық жұмысы қорытындыланды.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша департамент бөлімінің бастығы Айдар Мұқановтың айтуынша, облыстың 600-ден астам мемлекеттік органына жеке және заңды тұлғалардан жыл басынан бері 30 267 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл былтырғы көрсеткішпен шамалас. Ең көбі — 63,5% жергілікті атқарушы органдарға келіп түсті.

Шағымдар саны 1 036 немесе өтініштердің жалпы санының 3,4% құрады.

«Шағымдарға келетін болсақ, олардың дені мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, денсаулық сақтау, санитария мен гигиена бойынша және мемлекеттік басқарудың, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, білім берудің жалпы мәселелері. Өткен жылмен салыстырғанда шағым саны 21,5% төмендеген», — дейді Айдар Мұқанов.

Қаралған өтініштердің 10 мыңға жуығы бойынша оң шешім шықты. 12 мыңы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілсе, мыңға жуығы бойынша әкімшілік акт қабылданған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz