Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров солтүстікқазақстандық жастармен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өңір жастарымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Біздің міндетіміз – жас ұл-қыздардың өсіп-өркендеуіне, өзін-өзі тануына лайықты жағдай жасау, олардың көздеріндегі отын сақтап, озық идеяларын өшіріп алмау, – деді өңір басшысы.

Әкім қазіргі таңда бірнеше бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты:

– М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері үшін 1600 орынға 3 жатақхана салынып жатыр;

— «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 430 ЖОО түлегіне көтерме жәрдемақы төленді. Жалпы сома 148,4 млн.теңгені құрады;

— «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 607 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды;

– Биыл жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 650 млн теңгеге 130 шағын несие беру жоспарлануда.

– Бұл қабылданған шаралардың бір бөлігі ғана. Жастарымыздың әлеуеті зор. Өз тарапымнан жастармен диалогқа әрқашан ашық екенімді атап өткім келеді, – деп түйіндеді сөзін Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz