Абаттандыру ережелерін бұзған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерінің 2700-ден астам бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Туған қаланың көшелеріндегі тазалық пен тәртіп әр адамның жауапкершілігіне байланысты. Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді. Назар аудару аймағында — үй маңындағы аумақтар, тұрғын үйлердің, ұйымдар мен кәсіпкерлік объектілерінің қасбеттері. Былтырдан қалған шабылмаған және жиналмаған шөптер, құрылыс қоқыстарын қаланың жер үйлер орналасқан аймақтарынан жиі көруге болады. Полицейлер жергілікті тұрғындармен кездесіп, іргелес аумақты тиісті түрге келтіру қажеттігін, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша жауапкершілік туралы еске салады. Жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру ережелерін бұзудың 2706-дан астам фактісі анықталды. Оның ішінде 2615 бұзушыға ескерту ретіндегі ықпал ету шарасы қолданылды.

«Қызметкерлер тұрғындарға кемшіліктерді жоюға уақыт береді. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының санкциясына сәйкес қасақана бұзушыларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, бір жыл ішінде қайта бұзылған жағдайдағы айыппұл мөлшері – 30 АЕК. Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар интернет-алаяқтықтың, велосипед ұрлығының және басқа да қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Мұндай айналымдардың мақсаты – абаттандырудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сервистік моделі шеңберінде халықпен байланысты нығайту», — дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімшесі бастығының м. а. полиция майоры Жақсылық Байбосынов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz