Қазақстандық теннисші Александр Бублик голландиялық Таллон Грикспормен дуэтте Вашингтонда (АҚШ) өткен жұптық турнирде финалдық іріктеу кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бублик пен Грикспор үнділік Анируд Чандрасекар/Виджай Сундар Прашант жұбымен ойын өткізіп, үш сетте жеңіске жетті — 7:5, 5:6, 10:6.
Бұған дейін Александр Бублик серіктесімен АҚШ өкілі Маркос Гирон мен филиппиндік Трет Хьюиді де ұтқан болатын — 5:7, 7:6 (10:8), 10:6.
Александр Бублик қазіргі уақытта жекелей сында Қазақстанның ең үздік теннисшісі — ATP рейтингінде 26-шы орында тұр.