Хоккей: «Құлагер» клубының жеңісі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы Рудный қаласында «Горняк» командасына қарсы екі ойын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Құлагер» мен «Горняк» командалары арасындағы екі кездесуде жеңіске жерлестеріміз қол жеткізді. Бірінші ойын 3:5 есебімен аяқталса, қарымта матчта солтүстікқазақстандықтар қарсылас қақпасына бір шайба соғып, басым түсті.

Бірінші кездесуде жерлестеріміз есепті алғашқылардың бірі болып есеп ашты. Нәтижелі соққыны Алексей Закарлюкин жасады. Кейін мұз айдынының иелері таразы басын теңестірді. Рудныйлықтар сапында Оскар Юлбарисов көзге түсті. Араға бірнше минут салып, «Горняк» хоккейшілері тағы бір шайбаны қақпаға дарытып, Оскар Юлбарисов дубль авторы атанды.

Ойынның екінші кезеңінде жерлестеріміз қарсылас қақпасына тағы 4 шайба салып, есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. «Горняк» клубының ойыншылары да қарап қалмады. Рудныйлықтар да нәтижелі соққы жасай алды. Ал үшінші бөлімде солтүстікқазақстандықтар есепті қорытындылады. Осылайша матч 3:5 есебімен аяқталып, жеңіс «Құлагерге» бұйырды.

Қарымта кездесуде жалғыз соғылған шайба, матч тағдырын шешті. Бұл ойында да «Құлагер» клубы жеңіске жетті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz