Облыс әкімі Айдарбек Сапаров «Sensitive» би тобының негізін қалаушы Ольга Ростовщиковамен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Бишілеріміз өнерлі, ынталы жандарға еш нәрсе кедергі болмайтынын өз үлгісімен көрсетуде. Олар заманауи би өнерін насихаттауда. Ольга – нағыз кәсіби маманның, білікті басшының және дана тәлімгердің үлгісі. «Sensitive» ұжымына мұнымен тоқтап қалмай, бұдан да биік шығармашылық жеңістерге жетулеріне тілектеспін, – деді өңір басшысы.
«Sensitive» би ансамблі Испанияда өткен халықаралық «Sea Sun Festival» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Ансамбль бұған дейін АҚШ пен БАӘ-де жеңіске жеткен. Солтүстікқазақстандық өнерпаздар өздерін бүкіл әлемге танытып, әлем сахнасының жұлдызына айналды.