Тайынша ауданында төрт жұмысшы қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» серіктестігінде шошқа фермасында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауысым аяқталғаннан кейін серіктестіктің төрт жұмысшысы Новоивановка ауылындағы мал бордақылау алаңынан шықпаған. 8 метр тереңдіктегі кәріз құдығын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Марат Омаров оқиға орнында жүр.

Өңір басшысы қаза тапқандардың отбасына барып, көңіл айтуда.

«Тайынша ауданындағы кәсіпорында қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Оқиға жайлы білгеннен кейін, бірден сол жерге бардым. Арнайы комиссия құруды тапсырдыдым, қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр»,  – деді өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz