Петропавлда техногондендік апатты болдырмау мақсатында төтенше жағдай жарияланады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қарашаның 9-ы күні Петропавлда төтенше жағдай жарияланады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында облыс орталығының басшысы Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, Петропавлдағы кәріз желілері әбден тозған. Бұл мәселені шешу үшін жақында 1956 жылы салынған құбыр жөндеуден өтпек.

– Соңғы кездері кәріз желілерінің тозуына байланысты зақымдану жағдайлары жиі тіркеліп жатыр. 1956 жылы салынған коллекторға Вокзал, Береке, 19-шы және 20-шы шағынаудандары мен Жұмысшы кентінен жеткен кәріз сулары құйылады. Төтенше жағдайды алдын алу үшін оны шұғыл түрде жөндеу қажет. Осыған байланысты қала әкімдігі коллекторға жедел жөндеу жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды. Қазір тиісті құжат НҚА порталында жарияланды, — деді қала әкімі.

Бүгіндері коллектор тексерілді. Жақын арада «Қызылжар Су» ЖШС күрделі жөндеуге кіріседі. Мәселе облыс пен қала басшылығының бақылауында болатынын атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz