Тігіншіліктің қыр-сырын меңгерді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралы аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тігіншілікті тегін оқыту курсы аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқыту курстары оқу-өндірістік комбинатының базасында маусым 30-ы мен тамыздың 1-і күндері аралығында өтті.

— Оқу бағдарламасы 140 академиялық сағатты қамтыды және барлық қатысушылардың негізгі дайындық деңгейін ескере отырып құрастырылды, – дейді Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Ирина Васильева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықтың тігін бұйымдарына деген сұранысы артып келеді. Осыған байланысты тек өзіне, отбасына ғана емес, сонымен қатар тігіншілікпен айналысқысы келетін қыз-келіншектердің  қатары артты. Рас, тігінші  –еңбек нарығында ерекше танымал, сұранысқа ие мамандық. Одан бөлек заманның талабына сай талғаммен киіну – табысқа бастайтын алғы шарттардың бірі. Тігін тігу өнері – махаббат пен сұлулыққа деген құштарлықтан туындаса керек. Ал курс барысында 20 қыз-келіншек тігін үйренуден басқа –тауарларын сату, шығындарын есептеу сынды қыр-сырын үйренді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz