25 балық өсіруші біліктіліктерін арттырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық кәсіпкерлер палатасында «Мен кәсіпкермін» жобасы аясында 25 балық өсіруші біліктілігін арттыру курсынан өтіп, сертификаттарын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бұл курс жобаның «Кәсіпке бағыт» деп аталатын бірінші бөлімі  бойынша жүзеге асырылды. Теориялық және тәжірибелік сабақтарды бірдей қамтыған бес күндік оқыту «Петрофорель» балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында ұйымдастырылды. Балық шаруашылығымен  айналысатын кәсіпкерлерге  бизнес ашу және оны қолдау тетіктері,  өңіріміздегі су айдындарында балықтарды өсірудің тиімділігі тақырыбында пайдалы ақпараттар берілді.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, кәсіптің бұл түрін  жаңадан бастағандар тарапынан қызығушылық жоғары болған.

 — Біздің өңірде екі мыңнан астам көлде су жәндіктері бар.  Су айдыңдарын табыс көзіне айналдырып отырғандардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді.  Білген адамға балық та табыс көзі. Сіздерге бұл саланың қыр-сырын меңгеру аздық етеді. Балық өсірумен айналысып, мол табысқа кенеліп отырған бизнес өкілдерінің тәжірибесінен үлгі алып, оны қолдану маңызды, — деді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Марат Ысқақов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz