Автокөлікпен бензин мен дизельді экспорттауға салынған тыйым мерзімі тағы ұзартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бұйрықтың мәтініне сәйкес, жанар-жағармайларды қоспағанда, бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу 6 айға ұзартылды. Ай та кету керек қоспаларды іріктеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибелік партиядан үлгілердің біліктілік және зертханалық сынақтарын жүргізу үшін автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған газ цистерналарында авиациялық жанармайды экспорттауды қоспағанда, майлау майларын қоспағанда тыйым салынды.

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде көлік құралын өндіруші зауыт ұсынған стандарттарға сәйкес келмейтін газ цистерналарындағы бензин мен дизельдік отынның экспортына жол бермеуге ықпал ететін болады.

Бірлескен бұйрық 2023 жылғы 14 тамызда күшіне енеді.

2023 жылғы 20 қаңтардағы бірлескен бұйрықпен Қазақстанда 2023 жылдың 1 тамызына дейін аталған мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz