«Құлагер» ХК-ның құрамына жаңа ойыншылар қосылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың «Құлагер» командасы алдағы хоккей маусымына дайындалуда. Қазіргі уақытта клубтың құрамы жаңа екі ойыншымен толықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алдағы хоккей маусымында «Құлагер» клубының сапында ресейлік шабуылшы Артем Гарифуллин ойнайды. Ярославтық хоккей мектебінің түлегі өткен жылы Францияның «Бриансон» командасы сапында өнер көрсетті. «Магнус» лигасында 50 кездесу өткізген спортшы 26 ұпай (10 шайба + 16 голдық пас) жинап үлгерді. Сондай-ақ ел чемпионатында атыраулық «Бейбарыста» да бағын сынап, Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

«Құлагер» клубы ресейлік қорғаушы Станислав Калашниковпен де келсімшарт жасасты. 32 жастағы ойыншы хоккейдегі кәсіби мансабын 2008-2009 жылдары омбылық «Авангард» командасының сапында бастады. Құрлықтық хоккей лигасында ол 229 матч, жоғары хоккей лигасында 153, жастар хоккей лигасында 172 және бірінші лигада 39 кездесу өткізді. ҚХЛ-да Станислав «Авнгардтан» бөлек, «Северсталь», «Нефтехимик», «Югра» және «Торпедо» командалары қатарында өнер көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz