Қала әкімі жөлделген үш жолды қабылдамады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Петропавл әкімдігі мердігер компания жіберген кемшіліктерге байланысты қалада қайта салынған үш жолды пайдалануға қабылдамады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевnің айтуынша, қазіргі уақытта облыс орталығында 25 көше жөнделген. Олардың 19-ынан зертханалық зерттеулерге сынама алынды. Үш дайын нысанды әкімдік пайдалануға қабылдамады.

— Пржевальский, 314-атқыштар дивизиясы және Батыр Баян көшесі бойындағы үш жол төсемі пайдалануға қабылданбады. Мердігерлер кемшіліктерді жоюы керек. Қабылданған көшелердің өзінде кепілдік мерзімінде асфальттың жағдайына ұйымдар жауапты болады, – деді қала әкімі.

Қала әкімі зерттеу нәтижесі әлі толық дайын емес екенін айтты. Сарапшылар сегіз нысанды зерттеп жатыр, соның қорытындысы бойынша жол бөлігінің дайындығы мен стандарттарға сәйкестігі туралы шешім қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz