СҚО-ның түзету мекемелері бейнебақылау камераларымен толыққанды жарақтандырылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Ішкі істер министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Сәкен Сәрсенов облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерді аралап, орнатылған бейнебақылау қондырғыларының тиімділігін көрді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға, сондай-ақ сотталғандар тарапынан да, мекемелер әкімшілігі тарапынан да ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 5 түзету мекемесі жұмыс істейді (№48, №50, №51, №52, №66), онда 1500-ден астам үздіксіз бейнебақылау камерасы орнатылған.

Бейнебақылау камераларымен қатар, адамның жеке басын немесе көлігін анықтап қана қоймай, жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесі жұмыс істеп келеді.

– Рентгеноскопиялық сканер жүйесі киімнің астында, сондай-ақ адам денесінің ішінде немесе протездерде жасырылған барлық заттарды анықтайды. Барлық жасырын нысандардың сенімді табылуына кепілдік бере отырып, адамды толық көлемде тексеруді қамтамасыз етеді, – деп атап өтті №50 мекеме бастығы Қанат Сүлейменов.

Жұмыс сапары барысында Сәкен Сәрсенов ішкі істер органдарының жұмысын цифрландырудың және мекемелерді үздіксіз бейнебақылаумен толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz