Синоптиктер 8-10 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Болжамға сүйенсек, Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

— Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында дауылды жел тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауады, — деп хабарлайды»Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайтынын болжады. Еліміздің батыс аймақтарында күн ашық әрі ыстық болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz