Жас курсанттар ант берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының базасында іріктеуден өткен шетелдік әскери оқу орындарының 1-ші курсына қабылданған курсанттар ант берді. Биыл Ресей мен Түркия елдерінің жоғары білім ордаларына 28 жас азамат оқуға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Салтанатты шара «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешенінің аумағында өтті. Жас курсанттарды айтулы күнмен Ұлттық ұлан академиясының бастығы Артур Тоқышев пен облыс әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов құттықтады.

– Сіздердің таңдауларыңыз әскери мамандыққа түсті. Енді Отан алдындағы борыштарыңызды шетелдік жоғары оқу орындарында өтейтін боласыз.  Елге оралысымен алған білімдеріңізді Қазақстанның әскери құрылымдарында қолданасыздар. Оқудағы жетістіктеріңіз тәжірибелі маман атануға септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Артур Тоқышев.

Ант қабылдау рәсімінде курсанттар әскери қызметкерге қойылатын талаптарды орындауға, білікті маман атанып, елге қалтқысыз қызмет етуге серт етті.

Шетелдік жоғары әскери орнына түскен курсант Нұрболат Қасымов туған жерден жырақта жүрсе де, ата-анасының сенімін ақтауға тырысатынын жеткізді.

– Барша үзеңгілестерімді жоғары оқу орына түсуімен құттықтаймын. Елге аман-есен оралып, офицерге жүктелген міндеттерді орындауға тырысамын. Әскери маман болу арманым еді, соның орындалғанына қуаныштымын. Енді оқуда озат болып, ата-анамның үмітін ақтауға барымды саламын, – деді Нұрболат Қасымов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz