Бүгін Е.Брусиловский көшесінің жолы уақытша жабылды. Жөндеу жұмыстары М.Әуезов пен Егемен Қазақстан көшелері аралығында өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі белгісіз. Әзірге Е.Брусиловский көшесі арқылы өтетін жолда көлік қозғалысы шектелді.
– Жазғы маусымда жол жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Тамыздың 8-нен бастап, көлік жүргізушілері Брусиловский көшесі арқылы қатынай алмайды. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесінде.