Дәрігерлерге арналған үйдің сапасы сын көтермейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылындағы дәрігерлерге  арналған үй қазан айының соңында тапсырылуы тиіс еді. Алайда,  нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген.  Оның бір себебі — баспананың терезелерінде жарықтар пайда болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл олқылылықтарды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының  мүшелері мониторинг барысында анықтады. Нысанды тексеру кезінде терезенің  дұрыс орнатылмағаны белгілі болды.

— Баспанада барлығы 62 терезе бар. Олардың барлығы жарамсыз болып шықты. 32 терезені реттеп, 28-зінің  жақтауларын ауыстыру қажет. Проблемаларды анықтадық, енді бұл нысанды  бақылауды күшейтетін боламыз. Уәлиханов аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне шұғыл түрде тиісті жұмыстарды реттеу ұсынылды, — деді партиялық бақылау бекетінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сапар Саниев.

Қазіргі уақытта бөлім мамандары  табылған ақауларды ретке келтіру бойынша  «Кошманов» жеке кәсіпкерлігімен  шарт жасасқан.  Мамандар кемшіліктерді қарашаның 20-на дейін жоюға уәде берді. Қазір аумақты қоршау жұмыстары жалғасуда. Жалпы нысан 97 пайызға дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz