СҚО-да интернет-алаяқтық фактілері азаймай отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері тұрғындармен өтетін кездесулерде интернет-алаяқтардың қарияларға қолданатын айла-тәсілдері туралы айтып беруде,  деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 400 фактісі тіркелді. Полиция департаменті мамандары жүргізген талдау нәтижелері бойынша қаскөйлердің қармағына түскендер – 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтар. Алаяқтардың айла-тәсілдерінің арасындағы кең таралған түрі – «банктен хабарласу» және интернет арқылы тауар алған кезде алдын ала төлем талап ету.

Бір-екі күн бұрын қаладағы «Instagram»-пабликтерде қала тұрғындарының біріне әлдебіреулердің ақшалай несие ресімдегені туралы ақпарат тарады. Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері бұл фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған алаяқтық бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті сұратуларды дайындап, жолдады, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінің қызметкерлері қаржылық операцияларға қатысты асығыс шешім қабылдамауға, әңгімені бірден тоқтатып, өз банкіңіздің Call-орталығына және полицияның «102” нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz