Көші-қон заңнамасын бұзғандар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстікқазақстандық полицейлер тұрғындарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбінесе шетелдіктер тіркеу мерзімін өткізіп алып жатады. Ал қабылдаушы тарап өздеріне келген шетелдіктер туралы көші-қон қызметін уақытылы хабардар етпейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, полиция қызметкерлері күн сайын шаруа және фермерлік қожалықтарды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, құрылыс нысандарын, базарлар мен шетелдіктердің болуы ықтимал басқа да жерлерді тексереді. Тексерістердің басты мақсаты – шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтау және жолын кесу.

Петропавл базарларының бірінде заңсыз еңбек етіп келген Өзбекстан мен Тәжікстанның төрт азаматы анықталды. Олардың біреуінің көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде бірнеше рет бұзғаны белгілі болды. Сот шешімі бойынша ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Қалғандары 2 тәуліктен 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

– Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге шақырамыз. Қаңтар айының соңында Ақжар аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне отбасылық жағдайына байланысты жеке құжаттары, тіпті туу туралы куәлігі болмаған 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Азаматтықты анықтау үшін өзінің туған жері Ресей Федерациясына және осыған дейін тұрған Алматы облысына сұраулар салуға тура келді. Қазіргі уақытта азаматтықты анықтау рәсімі аяқталып, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау туралы қорытынды енгізілді. Жеке куәлік алу үшін құжаттар берілді, – дейді Талғат Әбілов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz