СҚО-да жатыр обыры 35 адамда анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыстық онкологиялық орталыққа жүгінген 35 адамнан жатыр обыры анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері онкологиялық орталықта  жатыр обыры ауруымен 678 адам есепте тұрса, соның 447-сі дерттен құлантаза айыққан. Жалпы, бұл кесел таралуы бойынша онкологиялық аурулар арасында көш бастап тұр.

– Биыл қыз-келіншектердің 33-інде ісік ерте сатысында анықталды. Ал екеуінде 4-ші деңгей. Біреуі үй жағдайында өз бетінше емделмек болған. Екіншісі ақхалаттылардан ұялып келмеген, – дейді облыстық көпбейінді аурухана жанындағы онкологиялық орталықтың  онкогинекологы Ольга Краснопевцева.

Айтып келмейтін аурудың пайда болып, асқынуына бірнеше себеп болса, соның ішінде семіздік, қант диабеті мен артериалды гипертензия көп әсер етеді. Ең жаманы бұл дертке шалдыққан нәзік жандар құрсақ көтере алмайды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz