Тамыз айында Қазақстан бойынша қанша бензин тасымалданатыны белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тамыз айында Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тамыз айында Қазақстан Республикасы бойынша АИ-95 тасымалдау жоспары 369,7 мың тоннаны құрайды. Тамыз айының 7 күнінде 102,6 мың тонна немесе айлық жоспардың 27 пайызы тасымалданды.

Ағымдағы жылдың тамыз айының басында бензинді тиеу жоспары:

  • Атырау мұнай өңдеу зауыты – 125 цистерна, оның 21-і АИ-95 бензин цистерналары;
  • Шымкент мұнай өңдеу зауытында – 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны жоқ;
  • Павлодар мұнай өңдеу зауытында – 80 цистерна, оның ішінде тек 20 цистерна АИ-95 бензині.
Индустрия министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан жүк тасымалдауға арналған барлық өтінімдерге 100% кепілдік беріледі деп сендірді.

— Бүгінгі таңда Қазақстанның магистральдық жол желісінде бензин құйылған 1047 цистерна қозғалыста болса, оның 341-і АИ-95 жанармайы бар цистерна. Барлық мұнай өнімдері диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен қозғалады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі жанармай құю бекеттеріндегі жанармай тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берген болатын. Ведомство елдегі жанар-жағармай өндірісі бойынша жағдай тұрақты, бірақ жанар-жағармай құю бекеттерінде уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін түсіндірді. Олардың пікірінше, ықтимал тапшылық темір жолдар мен автомобиль жолдарындағы логистикадағы қиындықтармен байланысты болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz